
Бірінші шақырту 4 қараша күні 18 сағат 40 минутта Әйтеки би ауданы Самара-Шымкент тас жолынын 932 шакырымында автокөлік бұзылып жолда калып койғандығы туралы ақпарат келіп түсті. Окиға орнына 1 техника 2 қызметкер жіберілді.
Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 3 адам оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Жолаушылар автокөлігінің дөңгелегі ауыстырылып, бағыттарын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ.
Әрі қарай 20 сағат 35 минутта Ырғыз ауданының 112 номеріне Самара-Шымкент тас жолы мен Ырғыз-Шалқар тас жолы қиылысынан Ақтөбе бағытына қарай шамамен 100 км жерде жеңіл автокөлік бұзылып тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 3 адам 1 техника жіберілді.
Оқиға орнына жеткен кезде Самара-Шымкент тас жолының 1064 шақырымында (Қалыбай ауылынан 14 км) ішінде 4 жолаушысы бар (оның ішінде 1 бала) жеңіл автокөліктің бұзылып тұрғаны анықталды. Бекет қызметкерлерімен Самара-Шымкент тас жолының 1064 шақырымындағы "Ұлы дала" кафесіне 4 жолаушысымен жеңіл автокөлік тіркеп жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбе облысы ТЖ департаменті өз өмірі мен жақын адамдарының өміріне қауіп төндірмеу үшін облыс тұрғындарына келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
Қысқы сапарға шықпас бұрын:
1.Ауа-райы болжамын мұқият оқып шығыңыз;
2.Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефоны бойынша, сондай-ақ «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады;
«112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған кезде елді мекендерге барудан және шығудан аулақ болыңыз.
3.Машинаны төтенше жағдайда аман қалуға мүмкіндік беретін қосымша, бірақ өте қажет жүкпен жабдықтау:
- отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған құйғыш;
- шай термосы және азық-түлік қоры;
- жылы киімнің қосалқы жиынтығы.
Ең бастысы, автомобиль техникалық жарамды күйде болуы керек.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы