Қазақстандық жасөспірімдер өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатында үздік үштікке ілінді

Қазақстандық жасөспірімдер өрт сөндіру-құтқару спортынан әлем чемпионатында үздік үштікке ілінді

Ағымдағы жылғы 18-21 тамыз аралығында Беларуссия мемлекеті Брест қаласында жасөспірімдер арасында #7-ші әлем чемпионаты өткізілді.

Аталған чемпионатқа Ақтөбе облысынан #35 мектептің оқушысы Султанов Мадинур ұлттық құрамаға іріктеліп алынды.

Өрт сөндіру эстафетасы бойынша ұлттық құрама командасы #2 орынды қанжығасына байлады.

4-күнге созылған жарыста біздәі ұлттық құрама жалпы командалық есепте #3 орынды иеленді.

Жас құтқарушы Мадинурды жеңісімен құттықтап, толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы