
Ағымдағы жылғы 16 тамыз күні 19 сағат 17 минутта Ақтөбе облысының ТЖ департаментінің кезекшілік- диспетчерлік басқару пультіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Некрасов көшесі мекен жайы бойынша ер адамның құдыққа түсіп кеткені бойынша ақпарат келіп түсті.
Шақырту орнына құтқарушылар келген кезде ер адамның өзі түсіп шыға алмай қалғандығы анықталды.
Нәтижесінде құтқарушылардың күшімен 33-жастағы ер адам шығарылды.
Қазіргі таңда жағдайы тұрақты.