
Жазғы кезеңдерде Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік басқару пультіне қоқыстың жануы жағдайлары бойынша қоңыраулар күн сайын келіп түседі .
Жанудың неден болғандығын анықтай келе, көбінесе мұндай жағдайлар адамның қоқысты немқұрайлы өртеуі салдарынан туындайды.
Яғни бір адамның абайсызда жасаған әрекеті бүкіл қоғамға үлкен зиян келтіріп, адам өліміне әкелуі мүмкін.
Өртқауіпсіздік техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қоқысты тек ашық аумақта желсіз ауа райында кезкелген ғимараттардан, құрылыстарынан және жаңғыш материалдардан кемінде 50 метр қашықтықта, өртсөндірудің бастапқы құралдары яғни өрт сөндіргіштер, су және басқада өртті сөндіруге ынғайлы құрал-жабдықтар болған жағдайдағана жағуға болады. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптер мен жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқыстарды жағу үнемі бақылауда, тек күндізгі уақытта жүргізілгендігі абзал. Қоқыстар жанып болғаннан кейін жан-жағына су мұқият құйылуы тиіс. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Қоқыс өртеу кезіндегі өртқауіпсіздігін сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 336 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы