«1 наурыз-Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» орай ашық есік күні өткізілді

«1 наурыз-Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» орай  ашық есік күні өткізілді

Жыл сайын 1 наурызда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні азаматтық қорғау мен қорғаныс ұлттық қызметтері атқаратын маңызды мақсаттарына қоғам назарын аудару үшін атап өтіледі. Азаматтық қорғау органдарының имиджін көтеру, жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ақтөбе қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдері «1 наурыз-Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» ашық есік күні өткізілді. Аталған шараға мектеп оқушылары қатысты.

Экскурсия барысында балалармен өрт сөндіру машиналарын, авариялық-құтқару техникасын көрсету арқылы өртке қарсы тақырыпта әңгімелер жүргізілді. Өрт сөндірушілер балаларға өтімділігі жоғары «Трэкол» техникасына отыруға, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін киіп көруге рұқсат берді.

Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі