
Дүниежүзілік АҚ күні қарсаңында Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Ардагерлер Кеңесімен бірлесіп 1982 жылдан бастап облыстың АҚ штабында жұмыс істеген және 12 жыл бойы Департаментті басқарған Сергей Васильевич Крутькомен және ТЖД қызметіне 37 жыл өмірін арнаған Ольга Владимировна Гладковамен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында ардагерлер азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және енгізу бойынша қазіргі офицерлермен тәжірибе алмасып, Кеңес Одағының қалыптасқан азаматтық қорғау жүйесінің Тәуелсіз Қазақстанның өтпелі кезеңінің шындығына айналған кездегі проблемалары мен жетістіктері туралы айтып берді.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы