
2022 жылы 9 ақпанда Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының аумағындағы өрт жағдайы бойынша брифинг өтті.
Брифингке Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Евгений Владимирович Овчарский және Ақтөбе облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженер азаматтық қорғау майоры - Аманжолова Запира Базарбайқызы қатысты.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысында аумағында 53 өрт тіркелді (2021 жылы – 70, 24,3% – ға азайды), нәтижесінде облыстың 5 тұрғыны қаза тапты, оның ішінде 2 бала.
Күнделікті тұрғындар арасында департамент қызметкерлері жиындар, жиналыстар, рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Біз негізгі назарды халықтың әлеуметтік осал топтарына, сондай-ақ қатты отынмен жылытылатын (ағашпен, көмірмен) тұрғын үйлерге аударамыз.
Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарынан өрттерді болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұрайды.
Сақ болыңыз және қырағы болыңыз. Құтқару қызметінің телефоны «101», «112».
Ақтөбе облысының ТЖД МӨББ