АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша мониторинг жүргізу мақсатында 2022 жылғы 10 ақпанда Ақтөбе қаласы Алматы ауданының аумағында су тасқыны қаупі бар учаскелерге комиссиялық тексеру жүргізілді, олар: Шилісай, Садовая ауылдары, Қарғалы тұрғын алабы Есет батыр шағын ауданы, Президент Резиденциясының ауданы, онда комиссия құрамына Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі А. М. Оразғалиев, Ақтөбе қаласы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. С. Жаңабергенов, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру дайындығы, АҚ және ТЖ бөлімінің бастығы С. Дәулетов қатысты.

Көзбен шолып тексеру барысында келесі алдын алу іс-шараларын жүргізу қажеттілігі туралы анықталды: қарды уақтылы шығару, су бұру каналын, арықтарды және нөсерлерді еріген судың ағынсыз өтуі үшін қоқыс пен бұталардан тазарту. Сондай-ақ Шилісай кентіндегі өзен арнасын бөлшектеу, атап айтқанда өзеннің табиғи арнасын құмнан тазарту.

Тексеру аяқталғаннан кейін су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдармен тексеру актісі жасалды.

Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.

Ақтөбе қаласының ТЖБ