Шаңғы бойынша спартакиада

Шаңғы бойынша спартакиада

Ақтөбе облысының ТЖД өртке қарсы гарнизоны бөлімшелерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың спорттық шеберліктерін жетілдіру мақсатында күнтізбелік жоспарға сәйкес 2022 жылдың 9 ақпанында шаңғыдан спартакиада өткізілді.

Спартакиада бағдарламасы төмендегідей:

1.3 шақырым шаңғы жарысы (еркін мәнерде)

2.1,5 шақырым шаңғы эстафетасы (командалық)

Әрбір спорт жарыстары қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, өрт сөндірушілер мен олардың отбасы мүшелерінің физикалық жаттығу сабақтарына тұрақты қатысуына, дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберліктерін арттыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға оң әсер етеді.

Ал шыңдалған спортшыларды анықтау-бұл аймақтық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға үлкен мүмкіндік. Алға ұмтылуға негіз бар!

Жарыс қорытындысы бойынша:

З шақырымдық шаңғы жарысында 1 санат (жеке көрсеткіштер бойынша):

1 орын Харченко Р. (Жедел құтқару жасағы);

2 орын Мұнарбай Б  (№2 МӨСБ);

3 орын Сейсеналі Ә (№23 ӨСБ);

2 санат (жеке көрсеткіштер бойынша):

1 орын Жусупов А. (№24 ӨСБ);

2 орын Ишангалиев А. (Жедел құтқару жасағы);

3 орын Масхұт Н. (№2 МӨСБ);

3 санат (жеке көрсеткіштер бойынша):

1 орын Әлжанов Аслан (№1 МӨСБ);

2 орын Күмісбаев Ұ (№8 ӨСБ);

3 орын Сабырғали Н. (№3 ӨСБ);

1,5 шақырым шаңғы эстафетасы (жалпы командалы көрсеткіштері бойынша):

1 орын Жедел құтқару жасағы командасы;

2 орын №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі командасы;

3 орын №24 өрт сөндіру бөлімі командасы иеленді.

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, кубок, медальдармен марапатталды.

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

                             Қоғаммен байланыс тобы