
Өткен демалыс күндері Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник М.Аманбаев Мұғалжар және Алға аудандарына жұмыс сапарымен барды. Төтенше жағдайлар бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен кездесті.
Іс-шара барысында өрт сөндіру бөлімдерінің материалдық-техникалық базасымен және өрт сөндіру автомобильдерінің жағдайымен танысты.
Сонымен қатар, Марғұлан Топашұлы Мұғалжар ауданы Ембі қаласында өрт сөндіру депосының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйым өкімімен кездесті.
Марғұлан Топашұлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері мен өрт сөндіру бөлімдерінің басшыларына бірқатар тапсырмалар берді, аудандардағы төтенше жағдайға қатысты өзекті мәселелерді, оның ішінде аудан аумағына көктемгі су тасқыны қаупі бар елді мекендерге барумен, талқылады. Сондай-ақ күштер мен құралдардың қысқы авариялық - құтқару жұмыстарына дайындығын тексерді.
Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі