Гаражда өрт оқиғасы орын алды

Гаражда өрт оқиғасы орын алды

2022 жылдың 26 қаңтарында өрт болып, құтқарушылар күшімен 3 автокөлік құтқарылып, көшеге 1 газ баллоны мен компрессор шығарылды. Кезекші-диспетчерлік қызмет пультіне келіп түскен хабарламаға сәйкес, №6 гараж кооперативі Сәңкібай батыр даңғылы бойынша өрт шыққан.

Алғашқы келген бөлімшелер өрттің гараж ішінде пайда болғанын анықтады. Өртті сөндіру үшін өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға құрбандарсыз болған. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысының ТЖ департаменті автокөлікте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

                                                 Ақтөбе облысы ТЖД Баспасөз қызметі