
Алдағы жаңа жылдық мерекелер қарсаңында, оларды қауіпсіз өткізу мақсатында Ақтөбе қаласының ТЖБ 2021 жылғы 24 желтоқсанда Ақтөбе облысының ІІД полиция басқармасы, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі өкілдерінің қатысуымен корпоративтік кештер өткізу жоспарланған мейрамханалар, кафелер, клубтардың иелері болып табылатын кәсіпкерлермен «Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау»; «Пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлерге жаңа жылдық корпоративтік кештерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жаңа жылдық шыршаны орнату, пиротехникалық өнімдерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша негізгі талаптар түсіндірілді. Сондай-ақ ойын-сауық мекемелеріндегі өрттер туралы «Хромая лощадь» фильмі көрсетілді, Өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша жадынамалар таратылды.
Ақтөбе қаласының ТЖБ