Алға ауданындағы кешенді оқу-жаттығулар

Алға ауданындағы кешенді оқу-жаттығулар

Ағымдағы жылдың 25-27 қазанында Алға ауданында аудандық кешенді оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты соғыс уақыты жарияланған және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар кешенін көздей отырып, Алға ауданының азаматтық қорғау қызметтерін даярлау болды.

Оқу-жаттығу барысында ЖАО-ның, азаматтық қорғау қызметтерінің негізгі басшылық құжаттары, сондай-ақ техника мен жеке құрамның әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.

Кешенді оқу-жаттығуды өткізу бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес:

- 1-ші күн «теориялық» болды, оның барысында негізгі нормативтік құқықтық актілер мен картогрофиялық карталарды ресімдеу зерделенді;

- 2-ші күні соғыс уақыты жарияланған жағдайда өткізілетін практикалық іс-шаралар өткізілді;

- 3-ші күні оқу-жаттығу өткізу туралы анықтама жазумен қорытынды шығару (оқу-жаттығу барысында анықталған ескертулермен).

Оқу-жаттығудың 3 күнінде 2 теориялық сабақ, 9 практикалық іс-шара және аудан активімен 3 кеңес өткізілді.

Жалпы, оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге толық қол жеткізілді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасы