
Ағымдағы жылғы 11-12 қараша күндері қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін өзара іс-қимыл жасау және даярлау мақсатында «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
РКШОЖ аясында Батыс Қазақстан облысындағы әріптестермен бірге өткен қыстың нақты оқиғаларына ұқсас практикалық іс-шаралар пысықталды.
Жоспарға сәйкес, біздің облыстарымыздың шекарасы бойымен қатты дауылдың өтуі және жол-көлік оқиғасы мен аяздан зардап шеккендердің көп болуы туралы хабарлама алғаннан кейін оқиға орнына құрамында 6 бірлік техника мен 17 адам Қобда және құрамында 27 бірлік техника мен 107 адам облыстық екі жедел топ шықты. Іс жүзінде қысқы жағдайларда марш жасау, қысқы уақытта жаппай ЖКО кезінде авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстары мен электр беру желілерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен, резервтік энергия көздеріне қосумен «тоңып қалған» шекара маңындағы Қиыл кентіне көмек көрсету мәселелері пысықталды. Жол қозғалысының тоңып қалған қатысушыларын БҚО шекара маңы аумағынан Ақтөбе облысының жақын маңдағы жылыту пункттеріне эвакуациялау Қызыл Жарты Ай филиалы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген стационарлық вагондар мен жол бойындағы дәмханалар базасында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Қазақавтожол» ЖШС Ақтөбе филиалының күшімен Республикалық маңызы бар автожолдарды тазалау бойынша көрші облысқа көмек көрсетілді.
Оқу-жаттығу шеңберінде облыс бойынша 27 практикалық іс-шара және 44 теориялық кіріспе пысықталды. Азаматтық қорғаудың 37 құралымдары (932 адам және 517 бірлік техника) және 9 волонтерлік ұйым дайындыққа келтірілді. Жедел штаб құрылып, қауырт желі жұмыс істеді (ол бүкіл қысқы кезеңде жұмыс істейтін болады).
Ақтөбе облысы ТЖД
ТЖ жою басқармасы