Құтқарушылар мұражайына қонаққа!

Құтқарушылар мұражайына қонаққа!

Жас құтқарушылар мен жаңадан қызметке қабылданған ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Ақтөбе қаласы оқу орталығының тыңдаушылары өрт сөндірушілер мұражайында қонақта болды. Мұражайдағы естелік боп тұрған барлық дүниелер келушілерді таңғалдырды. Ең ерекшесі өрттен зақым алған өрт сөндірушінің арнай киімі әсер қалдырды.

Әсіресе, жақында ғана ант қабылдаған жас құтқарушылардың қызығушылығы ашыла түсті. Оның үстіне алып машиналарға мінгенде балалар өздерін бір мезетке құтқарушы санап үлгерді. Шараның басты мақсаты да осы еді. Мұражайымыздың есігі барлық келушілер үшін әрдайым ашық екенін айтқымыз келеді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»

Қоғаммен байланыс тобы