Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Егін жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Ақтөбе облысында құрғақ ыстық ауа-райы орнады, дәнді дақылдарды жаппай жинау жалғасуда. Егін жинау, жем дайындау кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ТЖ қызметкерлері жұмысының басым бағыты.  Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инспекторлық құрамы өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осылайша ағымдағы жылғы 27 тамызда Құрайлы т/а аумағында егін жинау кезінде ӨҚЕ сақтау бойынша кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, тракторшылармен, автокөлік жүргізушілерімен және комбайн операторларымен өртке қарсы нұсқаулықтар жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді, өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптары, сондай-ақ алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану туралы ақпарат жеткізіледі.

Комбайндар мен астық жинау техникасының өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында Ақтөбе қ. ТЖ Басқармасы келесілерді ұсынады:

- техниканы алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;

- жем-шөп жинауға және дайындауға жұмылдырылған техниканы 100% жарамды ұшқын сөндіргіштермен қамтамасыз ету;

 - сабан толтырғыштар, транспортерлер, жинағыштарды және комбайндардың басқа да айналатын бөлшектері мен тораптарын оралған сабан массасынан уақтылы тазалауды қамтамасыз ету;

- комбайндар жұмыс істейтін жерлерде өрт сөндіру немесе өрт сөндіру мақсатына бейімделген техниканың кезекшілігін қамтамасыз ету;

 - Комбайндарды, астық қоймалары, ірі жем қоймаларын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіштер, суы бар бөшкелер, шелектер) қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- жем дайындауға және егін жинауға қатысатын барлық қызметкерлермен қол қойғыза отырып өртке қарсы нұсқаулықтар және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақтар өткізу қажет.

Төтенше жағдай туындаған кезде «101» немесе «112» телефондарына қоңырау шалыңыз.

Ақтөбе қ. ТЖ Басқармасы