Жеңіл автокөліктің жануы орын алды

Жеңіл автокөліктің жануы орын алды

Ағымдағы жылғы 11 тамыз күні 08 сағат 15 минутта Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы №46 үйдің ауласында жеңіл автокөліктің жануы орын алды. Өртке аудандық өрт сөндіру бөлімінен 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылып, 15 минут ішінде толықтай сөндірілді. Өрттің алдын ала шығу себебі электр тоқтарының қысқа тұйықталуы.
Жалпы жыл басынан Мұғалжар ауданында 8 автокөліктегі өрт жағдайы болды. Автокөліктегі өртті болдырмау мақсатында төтенше жағдайлар қызметкерлері аудан тұрғындарынан төмендегідей өрт қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауларын сұрайды:

- Автокөліктің тоқ сымдарына назар аударыңыз;

- Автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп, техникалық жай-күйін бақылып отырыңыз;

- Автокөлікті қыздыру үшін ашық от көзін пайдалануға тыйым салынады;

- Ережеге сай автокөліктер өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс;

- Автокөліктің жанар-жағармай құятын багының аузын ашық тастауға болмайды;

Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 нөмірлері арқылы өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыздар.

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы