Темір ауданында өткен түні 2 өрт орын алды

Темір ауданында өткен түні 2 өрт орын алды

2021 жылғы 16 тамыз күні 00 сағат 30 минутта Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы, Шиелі көшесі мекенжайы бойынша орналасқан үйлердің бірінде шөп қоймасы мен 650 түк жиналған шөп өртенді. Оқиға орнында 4 адам және 1 бірлік техника жұмыс істеді. Өрттің ауданы 100 ш.м. 02 сағат 20 минутта өрт толықтай сөндірілді.

Одан әрі, 00 сағат 54 минутта Базарлы көшесіндегі жеке және жаңадан салынып жатқан үйдің жануы орын алды. 276 ш.м. аумақты шарпыған жалын 1 сағат ішінде сөндіріліп, қатты түтін салдарынан 6 адам құтқарылды.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттілігін тағы да еске салады. Өрт шыққан жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Қобда ауданы ТЖБ