
Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері күн сайын қиындыққа тап болған адамдарға көмекке келіп қана қоймай, қан тапсыруға да үнемі қатысады.
30 Маусымда "30 игі іс" акциясы аясында құтқарушылар облыстық қан орталығында қан тапсырды. Ақтөбе облысы ТЖД бастығы М.Аманбаев бастаған 10-ға жуық қызметкер донор болды.
Айта кету керек, құтқарушылар донорлықтың маңыздылығын басқалардан артық біледі, өйткені қан мен оның компоненттері күйік, апат, жарақат кезінде қажет. Осы орайда, құтқарушылар өздерінің қаны арқылы өзгенің өмірінің сақтап қалуға өзіндік үлес қосты.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы