
Ағымдағы жылдың 8-10 маусым аралығында жеке құрам бойынша инспекция тобының бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Ш.М. Сартов, «ӨС және АҚЖҚ» ММ бас маман – психологы азаматтық қорғау капитаны А.И. Мингазова және «ЖҚЖ» ММ медбике – құтқарушысы А. Наби жұмыс сапарымен Алға, Қарғалы және Мәртөк аудандарына барды.
Сапар барысында аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерін, мешіт имамдарын шақыра отырып, «Әскери-қызметтік тәртіпті сақтау», «Сыбайлас жемқорлықтың және діни экстримизм мен терроризмнің, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары, саптық байқаулар жүргізілді.
Психолог және медбике жеке құраммен психологиялық және медициналық дайындық бойынша сабақтар өткізді. «Күйзелістен шығу әдістері», «Эмоциялық шиеленісті басу» тақырыптарында тренингтік сабақтар өткізілді.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы