
2021 жылғы 16 маусым күні15 сағат 17 минутта Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Көрпе кенті мекенжайында ВАЗ 2106 маркалы автокөлігінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Шақыру орнына 3 адам және 1 бірлік техника көлемінде аудандық өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері дереу жіберілді. Өрт 15 сағат 38 минутта сөндірілді.
Өрт салдарынан 2018 ж.т. бала өрт орнында көз жұмса, 2014 ж. т. екінші бала бүгін ауруханада көз жұмды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ағымдағы жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында көлікте 63 өрт тіркелді(2020 жылы - 42), оның ішінде: жүк көлікте – 15, жеңілкөлікте– 44, автобуста – 1 және темір жол көлігінде – 1. Өрттің басым бөлігі электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу себебінен болды.
Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары Ақтөбе облысының ТЖД көліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, сондай-ақ балалардың отпен ойнауына жол бермеу үшін балаларды қадағалауды сұрайды. Сақ және қырағы болыңыз.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы