
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар Департаменті "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары" ММ-ның ұйымдастыруымен Қобда аудан мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына ағымдағы жылдың 16 маусым күні Ақтөбе қаласы 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар өрт сөндіру қызметінің құрылым тарихымен қатар, бүгіні мен ертеңі жайлы да ақпараттар алды. Оқушылардың қойған сұрақтар қатарында азаматтық қорғау саласында қызмет ету үшін қойылатын талаптар мен КТИ ға түсу ережесі көп қойылды. Демек, бұл дегеніміз оқушылардың құтқарушы болуға деген ынтасының зор екендігін байқатады. Барлығы осындай қарапайым қызығушылықтан басталады десек, балалардың қызығушылығын қолдаған аудандық білім мен төтенше жағдайлар бөліміне алғыс білдіреміз.
Қобда ауданы ТЖБ