
Ақтөбе облысының ТЖД қызметкерлері өрт қауіпті кезеңде орман және дала өрттерінің алдын алуға және сөндіруге бағытталған «Табиғатты өрттен сақта» рейдтік акциясын өткізді.
Орман-дала өрттерінің туындауын болдырмау мақсатында Департамент қызметкерлері шөптің жануына жол бермеу бойынша халықпен рейдтер мен нұсқаулықтар жүргізуде. Сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметі, орман шаруашылығы қызметкерлерінен өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушыларды анықтау мақсатында орман алқаптарын патрульдеу үшін мобильді топтар құрылды.
Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде қызметкерлер халықпен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ өртпен байланысты төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезіндегі іс-қимылдар туралы айтады.
499 тұрғынға нұсқау беріліп, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен және шаруа қожалықтарымен 21 жиын өткізілді. Бес мың үгіт материалдары таратылды. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Департаменттің және Өрт сөндіру қызметінің азаматтық қорғау органдарының 118 қызметкері жұмылдырылды.
Алайда, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, көптеген жанудың пайда болу себебі адами фактор болып табылады. Осындай өрттердің пайда болуына темекі шегушілер мен табиғат әуесқойлары кінәлі. Маусым басталғаннан бері 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен өрт жағдайы күрделене түседі. Әдетте, осы кезеңде құрғақ шөпті, қоқысты рұқсатсыз жағу орын алады, орман өрттері жиі пайда болады.
Режимнің әрекет ету кезеңінде ашық отты және қоқысты жағуға, сондай-ақ кез келген өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Былтырғы құрғақ шөпті жағу жер үшін пайдалы, оны күлмен құнарландырады деген жалған пікір бар, сондықтан көптеген азаматтар шөпті арнайы жағуды ұйымдастырады.
Профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде қызметкерлер учаскелердің иелеріне өрт сөндіру құралдарының тұрақты дайындықта болуы міндетті екенін еске салды. Мысалы, су бөшкесі мен шелек. Өрт сөндіргішті, сондай-ақ өрттің алғашқы ошақтарын сөндіретін мүкәммалды сатып алған дұрыс. Электр тұрмыстық электр, газ аспаптары мен пештерді жарамды күйде ұстау, оларды пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау қажет. Жеке үйлердің меншік иелері учаскелерді қоқыстан, құрғақ шөптен уақтылы тазалауды қамтамасыз етуге міндетті. От жағуға, үйлерде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, сондай-ақ жанғыш газдары бар баллондарды сақтау жол бермеңіз. Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері қала учаскелерінде отты абайсыз пайдалану салдарынан 65 өрт болды.
Тағы да естеріңізге саламыз, егер Сіз балалармен бақшада демалсаңыз – олардың ойындарын бақылаңыз немесе бос уақытын ұйымдастырыңыз. Есіңізде болсын, балалар отпен байланысты барлық нәрсеге өте қызығушылық танытады.
Егер сіз тұтануды байқасаңыз-дереу "101" немесе "112" телефоны бойынша (ұялы телефоннан) өрт қызметін шақырыңыз, содан кейін шекті сақтықты сақтай отырып, жануды қолда бар құралдармен оқшаулауға кірісіңіз.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы