
Өрттердің алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Отты тоқтат!» акциясы өтуде.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының барлық жалпы білім беру мекемелерінде акция аясында түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Айлықтың негізгі мақсаты – балалар мен ересектерде қауіпсіздікті сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ өрт-құтқару бөлімдерінің жұмысымен таныстыру болып табылады. Егер бала алдын ала ескерту ақпаратын алса, қауіп-қатерге байланысты көптеген мәселелерді болдырмауға болады. Сол үшін ТЖ қызметкерлерінің қатысуымен мектептерде «Қауіпсіздік сабақтары», қызметкерлермен өрт сөндіру нұсқаулар, жаттығу түрінде эвакуациялау, ТЖ қызметкерлері қатысатын жан-жақты өрт және тактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 19 мамырында «Ақтөбе қаласының №78 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де 130 оқушыға өрт қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері және құтқару қызметіне қалай дұрыс қоңырау шалу керектігі, өрттің себептері мен салдары туралы айтылды, төтенше жағдайда қалай әрекет етуге және мектеп ғимаратынан эвакуациялауға үйрететін фильмдер көрсетілді.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аса көңіл бөлу жүздеген адамды өрт апатында қаза болудан құтқаруы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! Өрт кезінде 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз!
Ақтөбе қаласының ТЖБ