Тікелей эфирде «Кайырлы тан» бағдарламасында

Тікелей эфирде «Кайырлы тан»  бағдарламасында

2021 жылғы 18 мамырда «Рика ТВ» телеарнасының тікелей эфирінде «Қайырлы таң» бағдарламасында Ақтөбе қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы АҚ тобының аға офицері, аға лейтенант Жанболат Нұрланұлы Төлепбергенов сөз сөйледі, ол суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, полиция департаментімен, жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатқаны туралы айтты. Құтқарушылардан басқа, полицияның авто, ат және жаяу патрульдері, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, АЗИ қызметкерлері кезекшілік етеді. 

Бағдарлама соңында қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау ғана судағы жазатайым оқиғаның алдын алуға және болдырмауға көмектесетінін атап өтті.

Шомылу кезінде рұқсат етілмейді:

1) алкогольдік және есірткілік масаң күйде шомылуға;

2) қайықтардан, катерлерден, өткелдерден, сондай-ақ осы мақсаттарға арналмаған құрылыстардан суға секіруге;

3) тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге жол берілмейді;

4) жүзу шектерін белгілейтін буйкадан тыс жүзуге тыйым салынады;

5) жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

6) су айдындарының ластануы және қоқыстануы;

7) демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты жағалауда және шешінетін бөлмелерде қалдыруға;

8) жалған дабыл беруге;

Ақтөбе қаласының ТЖБ