
Адамдардың, әсіресе балалардың суда қауіпсіз демалуын қамтамасыз ету ересектерден суға түсуді ұйымдастыруды және балалардың су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидаларын қатаң сақтауды талап етеді.
Ақтөбе қаласындағы колледж студенттері арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында судағы қауіпсіздік қағидалары бойынша онлайн оқыту жүргізіледі.
Мәселен, 2021 жылғы 20 мамырда Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Ақтөбе сервис колледжінің, Ақтөбе Құрылыс және бизнес колледжінің тыңдаушылары үшін судағы қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізді және теориялық және практикалық сабақтарды жеткізе отырып, суға батушыға дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті қалай дұрыс көрсету керек. Сабаққа 130 тыңдаушы қатысты.
Ақтөбе қаласының ТЖБ