Үшқұдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен сабақтар өткізілді

Үшқұдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен сабақтар өткізілді

2021 жылдың өрт қауіпті кезеңіне дайындық шеңберінде ағымдағы жылдың 4 мамырында Алға ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің аумағында Үшқұдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлерімен теориялық және практикалық сабақтар өткізілді (Алға ауданы әкімдігінің 31.12.2019  жылғы 489 қаулысымен құрылған). Іс-шараның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ өрт-техникалық жарақтандыруды дұрыс пайдалану және қызмет көрсету бойынша білімге оқыту болып табылады. Практикалық сабақта тұрмыста және далада өрттерді сөндіру тәсілдері, жұмыстарды жүргізу кезіндегі сақтық шаралары, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, өрт гидранттарына өрт колонкаларын орнату ережелері және су беру тәсілдері игерілді.

Алға ауданы ТЖБ