
2021 жылғы 27 сәуірде Шалқар ауданының №7 Өрт сөндіру бөлімі ғимаратында өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты аудандағы су қоймаларының жарақтылығын қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Жиынға «Ұлы-Борсық» КМК мекемесінің өкілі, №7 ӨСБ-нің офицерлік құрамы және ТЖБ қызметкерлері қатысты. Жиын барысында аудан бойынша өрт гидранттарының дайындықтары, олардың жарақтылығы бойынша сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, алдағы уақытта өрт гидранттарының және су қоймаларының жаңартылуы жұмыстары бойынша жоспар қойылды.
Шалқар ауданы ТЖБ