Өрттен баспанасыз қалған көп балалы отбасыға көмек көрсетілді

Өрттен баспанасыз қалған көп балалы отбасыға көмек көрсетілді

Қасиетті Рамазан айында сауапты істен құр қалмай, қайырымдылық көрсетіп жатқан бірқатар азаматтар бар.Осы орайда облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері де бей-жай қалмады.4 мамыр күні құтқарушылар үйі өртеніп, баспанасыз қалған көпбалалы отбасыға азық-түлік және балаларға киім-кешекпен көмек көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, оқиға 13 сәуір күні 03 сағат 19 минутта “ОблГаз” бау-бақша ұжымындағы үйлердің бірінде орын алды. Төтенше жағдай орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды 60 ш.м. ауыздықтап, үйден 2 газ баллонын алып шықты.

Алайда тілсіз жау көп балалы отбасының үйінен түк қалдырмаған. Айтып келмейтін апат әп-сәтте дүние-мүлік, киім-кешек, тұрмыстық техниканың бәрін күлге айналдырған болатын.

Ақтөбе облысы ТЖД кезекті рет тұрмыстағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауды, үйдегі электр құрылғылардың ақаусыз жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізуді және балаларға сіріңкемен ойнау қауіпті екендігін түсіндіру қажеттігін ескертеді.

                                                                             Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы