
Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының аумағында 82 өрт тіркелді, нәтижесінде 2 тұрғын қаза тапты, 8 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды және 28 адам құтқарылды. Материалдық залал болған жоқ. Өрттің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алады, 33 өрт оқиғасы тіркелді.
Өрттің басым көпшілігінің себебі отты абайсыз қолдану, электр сымдарының қысқа тұйықталуы және пештердің дұрыс бөлінбеуі болып табылады.
Ақтөбе қаласы ТЖБ қызметкерлері осы бағытта жиындар, жиналыстар, рейдтік іс-шаралар арқылы профилактикалық жұмыс жүргізуде, 3 айда 15 жиналыс өткізілді, сондай-ақ 538 үй аралау жұмыстары жүргізілді ( 32 856 адамды қамтылды).
ТЖМ регламентіне сәйкес қала бойынша әрбір инспекторға бөлінген 13 сектор бар, атап айтсақ олар қаладағы бау-бақша ұжымдары. Сол жерлерде қазіргі таңда «Қауіпсіздік тақтасы» әзірленіп, орналастырылды.Онда инспектордың мәліметтері жазылған, аты-жөні, телефон номері.
Азаматтарға кез-келген уақытта өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша қызметкерге хабарласуға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, «Darmen» @darmen.app ақпараттық қосымшасын жүктеуге болады.
Ақтөбе.қ ТЖБ