Ақтөбеде көп қабатты пәтерде өрттен әйел адам қайтыс болды

Ақтөбеде көп қабатты пәтерде өрттен  әйел адам  қайтыс болды

Бүгін 11 сағат 49 минутта Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 92 мекенжайы бойынша пәтердің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндірушілер келген сәтте 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтерде жиһаздың жанып жатқандығы анықталды.

Оқиға орнында 20 адам және 4 бірлік техника жұмыс істеді.Өрттің жалпы ауданы 15 ш.м., жою уақыты 12 сағат 15 минут. Өрт кезінде 1942 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды.

Сондай-ақ өрт сөндіру барысында баспалдақ маршы арқылы өрт сөндірушілермен 6 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақтөбе облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт болған жағдайда дереу 101, 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Ақтөбе облысы ТЖД

                                                                                Қоғаммен байланыс тобы