
Азаматтық қорғаныс айлығы аясында 12 наурыз күні Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасымен Департаменттің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді. Санитарлық шараларды сақтай отырып Департамент қызметкерлерінің уақтылы келуі, құжаттарының болуы және офицерлік сөмкелер мен дабыл чемодандарының жинақталуы тексерілді.
Ақтөбе облыс ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы