
2021 жылдың 3 ақпанында Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен Ақтөбе заң институтының курсантарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулық өткізілді.
Профилактикалық іс-шараларға негізгі басымдық жасалды. Қызметкерлер курсанттардың өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын есіне салды. Іс-шара барысында эвакуациялау және құтқару, өрт қауіпсіздігінің міндетті талаптарын орындау, күндізгі және түнгі уақытта өрт болған жағдайдағы және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету кезіндегі іс-әрекеттері жан-жақты талқыланды. Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалануға және жеке құтқару құралдарын қолдануға ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара аяқталған соң тұрмыстық және жұмыс орындарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жаднамалар тапсырылды.
Ақтөбе қаласының ТЖБ