Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

   2021 жылғы 3 ақпанда Ақтөбе қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу бойынша кездесу өтті.

    Кездесу барысында басқарма бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Айбат Сергеевич Жаңабергенов орталық басшылығына ТЖ саласындағы өзара түсіністік пен алдағы өзара іс-қимыл үшін және ТЖ алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізгені үшін алғысын білдірді.

    Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар басшылары одан әрі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Ақтөбе қаласының ТЖБ