Ақтөбе қаласының аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы

Ақтөбе қаласының аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары туралы

 Қазіргі уақытта Ақтөбе аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізу үшін дайындық жұмыстары басталды, онда жергілікті бюджеттен 155 млн.теңге бөлінді, 100-ден астам ассенизатор, 20-дан астам арнайы техника және 5 мотопомпа жұмылдырылады, сондай-ақ 4000 тонна инертті материалдар (құм, саз және т.б.) дайындалды.

  Бұл бағыттағы басты жұмыстардың бірі қала аумағынан қарды күнделікті шығару болып табылады. Оған қала бойынша 7 мердігерлік ұйымдар жұмыс атқарады (160-тан астам арнайы техника) жұмылдырылған. Бүгінгі күні қала аумағынан арнайы бөлінген полигондарға 122000 текше метр қар шығарылды, олар қоқыс полигоны ауданында және Ақжар-2.

    Жергілікті атқарушы органдар айдың соңына қарай нөсер және су өткізу каналдарын тазартуға кірісуді жоспарлап отыр.

     Сонымен қатар, күн сайын азаматтық қорғау органдарының 63 қызметкері және жоғары өтімді 18 техника кезекшілікке түседі.

 

 

Ақтөбе қаласының ТЖБ