Есту және дауыс қабілеті шектеулі азаматтарды қолдау

Есту және дауыс қабілеті шектеулі  азаматтарды қолдау

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысы департаменттің кезекші-диспетчерлік қызметімен ғана емес, бүкіл ел бойынша есту және дауыс қабілеті шектеулі адамдар тікелей байланысқа шығу проблемасы бар.

Осы проблемалық мәселенің шешімін іздеу үшін 2021 жылдың 1 ақпанында ТЖД басшылығы, Саңыраулар қоғамы, Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы және Назарбаев Зияткерлік мектебі жас инноваторлардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес нәтижелері бойынша Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін "Open Aktobe" мобильді қосымшасы базасында қосымша функционал әзірлеу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл функционал есту және дауыстық мүмкіндіктері шектеулі адамдарға әкімдік жанынан құрылған 112 қызметінің диспетчерлеріне SMS-хабарламалар, бейне және шартты белгілер жіберуге мүмкіндік береді. Мобильді қосымшаны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Осы мобильді қосымшаны "бір терезе" қағидаты бойынша іске асырып, есту және дауыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың хабарламаларын қабылдау мен өңдеуді және (101,102,103 және т.б.) шұғыл қызметтердің диспетчерлері арасында маршруттауды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

 

Ақтөбе облысының ТЖД ДЖБ