Волонтерлар марапатталды

Волонтерлар марапатталды

2020 жылғы 19 қазанда азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеуге орай Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ғимаратында авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына бірнеше рет қатысқан азаматтық қорғау саласындағы белсенді ынтымақтастығы үшін үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері мен волонтерлерге ҚР Төтенше жағдайлар министрі мен Ақтөбе облысының ТЖД бастығының атынан алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бері волонтерлер 60 авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 64 адам құтқарылды және табылды, 23 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

 

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту

және азаматтық қорғау саласындағы

бақылау басқармасы