Тыңдаушылармен онлайн кездесу

Тыңдаушылармен онлайн кездесу

2020 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының Ақтөбе қаласы оқу орталығында тәрбие жұмысы аясында «Өрт сөндіруші» санаты бойынша бастапқы оқыту курстарының тыңдаушыларымен, сондай-ақ жеке құрамның қатысуымен «Ақтөбе облысы бойынша Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» ҚБ төрағасы Бегендик Таскентович Айткуловпен, еңбек сіңірген зейнеткер,  Қазақстан Республикасы ТЖМ Өңірлік орталығын құруға және дамытуға үлес қосқан еңбек сіңірген зейнеткер Сағиданов Абзал Өтегенұлымен онлайн кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Б.Т. Айткулов, А.Ө. Сағиданов қызмет барысындағы қызықты сәттерімен бөлісті. Қызметтік борышы, қызметтік этика нормалары, тәртіпті сақтау туралы, өрт сөндіру қызметінің қоғамдағы рөлі, өрт сөндірушінің таңдаған мамандығының маңыздылығы туралы айтып, адал және парасатты азаматтар болуға шақырды.

Кездесу соңында тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зейнеткерлерге берілген тәжірибесі мен қызықты кездесуі үшін алғыстарын білдірді. 

 

Ақтөбе қаласы оқу орталығы