25 жыл қызметте

25 жыл қызметте

Азаматтық қорғаудың 25 жылдығына орай сіздерді өртке қарсы қызметте 26 жыл қызмет етіп келе жатқан азаматтық қорғау подполковнигі Жанаргүл Шакирбаевна Арызғұловамен таныстырғымыз келеді.

Қазіргі уақытта Жанаргүл Арызғұлова Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға инженері лауазымында қызмет атқаруда.

Қызметтік жолында жұмыс істеген ұжымда көбінесе ер адамдар болды, бірақ Жанаргүл онда жұмыс істеу қиын ба деген сұраққа ойланбайды және былай дейді: «Менің күйеуім де осы салада жұмыс істеді. 6 жыл бұрын зейнетке шықты. 19 қазан – бұл біздің отбасылық мерекеміз сияқты. Жеке өзім үшін ол 8 наурыздан гөрі маңызды. Қызмет мені қатты өзгертті. Бұрын мен қаншалықты эмоционалды және физикалық күшті екенімді елестете де алмаушы едім. Әрине, әйелдер қауымын барынша қорғауға тырысады, бірақ біз ерлермен дабыл мен жаттығуларға теңдей барамыз»

 

Ақтөбе облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ»
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы