
Өртті сөндіргенге қарағанда оның алдын алу оңай. Біздің инспекторлар бұл бағытта да аянбай еңбек етуде. Бүгін біз солардың бірі – Мұғалжар ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Азамат Жаналин туралы айтқымыз келеді.
Азаматтық қорғау капитаны Азамат Жаналин азаматтық қорғау органында 2011 жылдың маусым айынан қызмет атқарып келеді.
2019-2020 жылы газеттерге мақала дайындап шығарып, жылыту маусымы басталғаннан бүгінгі күнге дейін үгіт насихат материалдарын таратты, дөңгелек үстел ұйымдастырып дәріс пен нұсқама жүргізді, тұрғындарды жинап өткізілген жиналыстарға қатысты, «Жақсылық жаса» акциясы аясында және жылу беру маусымының басталуына орай Қандыағаш қаласы, Сағашилі ауылдарында үйлерді аралап шығып, 600 –ге жуық тұрғынға үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге белсенді түрде қатысып отырады.
Атап айтсақ, 2020 жылдың 22 қаңтарында 18 сағат 15 минутта Мұғалжар ауданы, Еңбек ауылдық округі, Басшилі ауылы маңында Ақтөбе –Атырау тас жолының (125 километр қашықтықта) әйелдер мен балалар отырған 54 автокөлік қар құсауында тұрып қалғаны жөнінде ақпарат түсті. Шақырту орнына А. Жаналин кезекші қарауылмен жедел түрде жетке кезде, орын алған жағдайды бағалап, тиісті құтқару жұмыстарын жүргізуге өздерінің күштері жетпейтініне көзі жетті. Жол қызметтерін жұмылдыру бойынша қажетті шараларды қабылдап, қар құрсауындағы автокөліктерді шығару жұмыстарын өзі реттеп басқарды. Ауа-райының қолайсыздығына, қатты боранға және жолдың көрінбеуіне қарамастан, Азамат жолға тізіп шығарған автокөліктердің алдына жаяу жүріп бағыт беріп отырды. Жолдан тайып қарға көмілген автокөліктерді құтқарушылар өз күштерімен шығарып тұрды.
Жұмысты жүргізу барысында А. Жаналиннің жедел әрі білікті әрекеттерінің нәтижесінде қар құрсауынан 165 адам, оның ішінде 28 бала, аман-есен құтқарылып, Қандыағаш қаласына жеткізілді және барлық автокөлік, оның ішінде 37 жеңіл 17 жүк көлігі, қар құрсауынан шығарылды.
Ағымдағы жылы Конституция күніне орай Департаментпен ұйымдастырылған іс-шарада А. Жаналин «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы