
Көкшетауда өткен республикалық жас құтқарушылар слётінен жеңіспен оралған Ақтөбе облысының командасын туған жерінде салтанатты түрде қарсы алды. Ел бойынша жиналған үздік командалар арасында ақтөбелік жастар өз білімдері мен біліктілігін көрсетіп, жүлделі орынға ие болды.
Қарсы алу шарасы Ақтөбе қаласында жоғары деңгейде өтті. Команданы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы, ардагерлер, ата-аналар мен достары зор ықыласпен қарсы алып, олардың жеңісін ерекше атап өтті.
Шара барысында ТЖД басшылары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері жас құтқарушыларға алғыс айтып, олардың кәсіби дайындығы мен жауапкершілігін жоғары бағалады. Бұл – жастардың табанды еңбегінің, ұйымшылдығы мен жігерінің жемісі екені айтылды.
Жас құтқарушылар алдағы уақытта да төтенше жағдайлар саласында білім-білігін шыңдап, елге адал қызмет етуге дайын екендерін жеткізді.
Ақтөбе облысының ТЖД