
Бүгін сағат 15.00-де Ақтөбе қаласы Есет батыр көшесіндегі №130 бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына келгенде 2-қабаттағы қылтиманың жанып жатқандығы анықталды. Баспалдақ марштары арқылы 20 тұрғын, оның ішінде 4 бала шұғыл түрде эвакуацияланды. Тұрғындардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жалын 5 шаршы метрді шарпыды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Облыстық ТЖ Департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертеді!
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы