Облыстық ТЖД бастығы №2 МӨС бөлімінде болды

Облыстық ТЖД бастығы №2 МӨС бөлімінде болды

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйек күні Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі М.Т. Аманбаев Ақтөбе қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Д.М. Ермағамбетов және бөлім бастығы азаматтық қорғау майоры Е. Ж. Файзуллаевтың таныстыруымен бөлімнің негізгі және қосалқы техникасына, байланыс бекетіне, қызметкерлерге арналған жатақханаға тексеру жүргізді. Сондай-ақ жеке құрамның жауынгерлік кезекшілікте қызмет етуі, ұжымның қызметтік-әскери тәртібінің жай-күйі талқыланды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы