Жылыту пешінің шартылы

Жылыту пешінің шартылы

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте 23 сағат 08 минутта Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Авиацонная көшесі мекенжайындағы жеке үйде газ құбырының ақауына байланысты газ-ауа қоспасының жануы орын алды. Өртті сөндіруге «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жеке құрамынан 13 адам мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт 00 сағат 00 минутта шектеліп, 00 сағат 14 минутта  толық сөндірілді. Өрт алаңы 12 ш.м. Тексеру барысында, үй иесі 1962 ж.т. азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ал 1994 ж.т. азаматша орташа дәрежелі улы тұншықтырғыш газбен уланып ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайлары бір қалыпты.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және электр құрылғыларын шамадан тыс жүктемеуге кеңес береді.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы