Конкурс (жүргізуші)

ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81 «А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@emer.kz; тел/факс 54-38-58 азаматтық қорғау органдарындағы төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:

          Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері – 6 бірлік:

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары мен арнайы атағына байланысты 175261 бастап 215548 теңгеге дейін.

          Функционалдық міндеттері:

          Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкеріне келесідей міндеттер жүктеледі:

          Бөлімнің шығу аудандарын, өткелдерді, бөлімнің шығу ауданында орналасқан сукөздерінің орналасқан жерін; жәбірленушілерге бірінші дәрігерлік көмек көрсету; өрт – техникалық жарақтарды жұмыс жасалуын қарау және оларға ұқыпты қарауға; еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға; бекітілген өрт – техникалық жарақтарды тексеріп, қорытындысын жұмыс аяғанда қарауыл бастығына баяндау; өрт автокөліктерінің және басқа да өрт, авариялық – құтқару техникаларының тактикалық-техникалық мінездемесін білу; өрт-техникалық жарақтар дағдыларын жетілдіру; өрт сөндіру кезінде жұмыстар жауынгерлік есептегі негізгі міндеттемелер берілген табелге сәйкес жүргізу; Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын, нұсқамаларды, Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын және техникалық қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білу және адал орындау; мемлекеттік мүлікті сақтау, өрт – техникалық жарақтар мен жабдықтар үнемі жауынгерлік дайындықта және таза болуын қадағалау; өрт (апатта, табиғи апаттарда), бекеттерде, қарауылда, ішкі кезекшіліктегі қызметті атқару кезінде белсенділік таныта отырып, берілген тапсырмаларды нақты орындау; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.

          Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:

          Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

          B, C санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы.

          Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білуі қажет.

Дата публикации
13 января 2026