Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңының
37-1 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Мерзімдік тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспары
(бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
(бұдан әрі - Министрлік) Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті 2025 жылғы 20 желтоқсанға дейін бекітілген Жоспарды Министірліктің
интернет-ресурсына орналастырсын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы К. Тұрсынбаев