Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкері – 2 бірлік:
Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары мен арнайы атағына байланысты 153432 бастап 204754 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізуші-қызметкеріне келесідей міндеттер жүктеледі:
Бөлімнің шығу аудандарын, өткелдерді, бөлімнің шығу ауданында орналасқан сукөздерінің орналасқан жерін; жәбірленушілерге бірінші дәрігерлік көмек көрсету; өрт – техникалық жарақтарды жұмыс жасалуын қарау және оларға ұқыпты қарауға; еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға; бекітілген өрт – техникалық жарақтарды тексеріп, қорытындысын жұмыс аяғанда қарауыл бастығына баяндау; өрт автокөліктерінің және басқа да өрт, авариялық – құтқару техникаларының тактикалық-техникалық мінездемесін білу; өрт-техникалық жарақтар дағдыларын жетілдіру; өрт сөндіру кезінде жұмыстар жауынгерлік есептегі негізгі міндеттемелер берілген табелге сәйкес жүргізу; Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын, нұсқамаларды, Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын және техникалық қауіпсіздігі ережесінің талаптарын білу және адал орындау; мемлекеттік мүлікті сақтау, өрт – техникалық жарақтар мен жабдықтар үнемі жауынгерлік дайындықта және таза болуын қадағалау; өрт (апатта, табиғи апаттарда), бекеттерде, қарауылда, ішкі кезекшіліктегі қызметті атқару кезінде белсенділік таныта отырып, берілген тапсырмаларды нақты орындау; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:
Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
B, C санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы.