«ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 81«А», электрондық мекенжайы: ok_spasr_aktub@emer.kz; тел/факс 54-38-58 төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды:
Ақтөбе қаласының №3 өрт сөндіру бөлімі – 1 бірлік;
Ақтөбе қаласының №5 өрт сөндіру бөлімі – 3 бірлік;
Ембі қаласы №14 өрт сөндіру бекеті - 1 бірлік;
Хромтау ауданындағы №20 өрт сөндіру бөлімі - 4 бірлік.
Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары мен арнайы атағына байланысты 97 877 бастап 134 333 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Жүргізуші-қызметкерге келесідей міндеттер жүктеледі:
Бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданындағы су көздерінің орналасуын; бекітілген өрт сөндіру автокөлігінің тактикалық-техникалық сипаттамасын, құрылымын, әрекет ету принципін, жұмысын, қызмет көрсету тәртібін және басқа да өрт сөндіру, авариялық – құтқару автокөліктерінің, ақаулықтарын және жою тәсілдерін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сонымен қатар арнайы автокөліктерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білуге; қызмет өткеру, өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету барысындақауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін орындауға; бекітілген автокөлікке толық көлемде және уақытылы техникалық қызмет көрсетуге, техникалық жағдайын сапалы тексеруге; жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарын үнемдеуге, оларды қолдану тәртібі мен сақтау ережелерін орындауға; гараж жабдықтарын қолдану ережелерін орындауға және бекітілген техниканы пайдалану бойынша тиісті құжаттарды толтыруға; жайғасқанға дейінгі қарауыл ішкі кезекшілігі тұлғаларының міндеттерін орындауға; қарауылдың ауысымында бекітілген өрт сөндіру техникасын тексеруге, анықталған кемшіліктерді бөлімше командиріне баяндауға және оны жою шараларын қолдануға міндетті; қызметтік, әскери, еңбек және орындау тәртібі заңдылықтарын мүлтіксіз орындау, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін сақтау.
Құршасай ауылы «ЖҚ» қоймасы – 1 бірлік.
Персоналдың санаты - С-SV-12, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдары мен арнайы атағына байланысты 81 977 бастап 115 035 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
«ЖҚ» қоймасының аға бақылаушысына келесі міндеттер жүктеледі:
Мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтауға; күзетілетін объект туралы, күзеттің саны мен жай-күйі, тұрақ режимі, күзет қару-жарағы туралы мәліметтерді жария етпеуге; қызметтік құжаттарды сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауға; мүлікті қорғауға, оны жарамды күйде ұстауға; қойма аумағын қоқыс пен құрғақ шөптен тазартуға; өткізу режимін қатаң сақтауға; қызметтік, әскери, Еңбек және орындаушылық заңдылықты мүлтіксіз сақтауға.
Конкурсқа қатысушыларға негізгі талаптар:
Жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, орта білімі бар (аға байланыс шебері лауазымына - орта арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім), әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Арнайы дыбыс және жарық дабылдарымен жабдықталған өрт сөндіру автомобилдерін (Зил, Камаз, Урал және Маз және т.б.) жүргізуге транспорттық құралдардың сәйкес категориясы бойынша жүргізушілік өтілі бар, арнайы дайындықтан өткен және бекітілген үлгіде куәлік алған жүргізушілер ғана жіберіледі (категория «С»).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Заңдарын, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидалары) білуі қажет.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдау аталған хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтөбе қ., Маресьев көшесі, 81«А» (Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі), сағат 08.30-дан бастап 18.30-ға дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерден басқа күндері қабылданады.