План пропаганды в сфере гражданской защиты Департамента по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области на 2025 год

 

 

БЕКІТЕМІН

Ақтөбе облысы әкімі Азаматтық қорғаныс бастығы

_______________А. Шахаров

«____» ______________20___ ж.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылға арналған

азаматтық қорғау саласындағы насихаттау

ЖОСПАРЫ

 

№

р/с

Іс-шаралар

Жауапты орындаушылар

Өткізу мерзімі

Аяқтау нысаны

1

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі мен туындауы туралы БАҚ арқылы халықты жедел хабардар ету.

Ақтөбе облысы ТЖД,

мүдделі мемлекеттік органдар.

тұрақты

Ақпарат

2

Білім беру оқу орындарында интерактивті сабақтар, ашық сабақтар, ашық есік күндерін, өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар, конкурстар, викториналар және спорттық іс-шаралар өткізу.

Ақтөбе облысы ТЖД,

Ақтөбе облысының білім басқармасы.

тұрақты

БАҚ-та мақалалар жариялау

3

Өрт қауіпсіздік ережелері тақырыбында жиындар, тұрғын үй секторын аралау жұмыстары барысында төтенше жағдай кезіндегі
іс-қимылдарға үйрету жадынамаларын, парақшаларын тарату.

Ақтөбе облысы ТЖД

жылыту маусымы

кезеңінде

БАҚ-та мақалалар жариялау

4

Мұздағы қауіпсіздік ережелері тақырыбында жиындар, облыс аумағындағы су айдындарын аралау жұмыстары барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға үйрету, рейдтік іс-шаралар  жадынамаларын, парақшаларын тарату.

Ақтөбе облысы ТЖД,

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

 

 

желтоқсан- ақпан

БАҚ-та мақалалар жариялау

5

Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға бағытталған көрнекі үгіт-насихат материалдарын шығару және тарату.

Ақтөбе облысы ТЖД,

қала және аудан әкімдіктері.

тоқсан сайын

БАҚ-та мақалалар жариялау

6

Телеарналарда, адамдар көп жиналатын объектілерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттайтын әлеуметтік бейнероликтер мен аудиороликтерді дайындау және трансляциялау.

Ақтөбе облысы ТЖД,

қала және аудан әкімдіктері.

тоқсан сайын

БАҚ-та мақалалар жариялау

7

Облыс аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу тақырыптары:

1) «Крещение Господне» мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері;

2) Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігінің алдын алу және сақтандыру жұмыстарын жүргізу;

3) Қарлы борандар және көктайғақ;

4) 1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні;

5) Өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын алу. Өрт қауіпсіздігі;

6) Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері;

7) Химиялық қауіпті заттар төгілген кездегі халықтың әрекеті;

8)  Улы газбен уланудың алдын алу;

9) Көпқабатты ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі;

10) Азаматтық қорғаныс. Азаматтық қорғау және төтенше жағдай туралы барлығы білуі тиіс;

11) Ыстық ауа-райында сақтық шаралары;

12) Дала өрттері: жергілікті жерлердегі ерікті өрт құрылымының жабдықталуы және іс-қимылдары;

13) Эвакуация жарияланған кездегі халықтың

іс-әрекеттері;

14) Адамдар көп жиналатын объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

15) Мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

16) Балалардың терезеден құлауының алдын алу.

Ақтөбе облысы ТЖД,

Ақтөбе облысы ПД,

Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы,

қала және аудан әкімдіктері.

маусым кезінде

БАҚ-та мақалалар жариялау

8

Халықты өзіне және өзара көмек көрсету тәсілдеріне оқыту (БАҚ-та сөз сөйлеу, баспа басылымдарына мақала орналастыру),

Тақырыптары:

1) Күйік және үсік кезіндегі алғашқы көмек. Электр тоғымен зақымдану, жылу және күн соққысы кезінде, тұншықтырғыш газбен улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету;

2) Жеке таңу пакетінің, бинттердің, дәке мен қолда бар материалдың көмегімен жарақатқа және дененің күйдірілген учаскелеріне таңғыш салу ережесі мен тәсілдері;

3) Қан кетуді тоқтату тәсілдері, табельдік және қол астындағы құралдарды қолдану;

4) Сыну, соғылу және шығып кету кезіндегі көмек. Табельдік, қол астындағы құралдарды қолдана отырып иммобилизацияны қамтамасыз ету тәсілдері мен түрлері (буындар мен т. б. қозғалмауына қол жеткізу);

5) Суға батқан адамға  көмек. Жасанды тыныс алу және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері.

6) Жеке қорғану құралдарын қолдану.

Ақтөбе облысы ТЖД,

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.

жыл бойы

БАҚ-та мақалалар жариялау

Дата публикации
13 мая 2025