|
|
|
БЕКІТЕМІН Ақтөбе облысы әкімі Азаматтық қорғаныс бастығы _______________А. Шахаров «____» ______________20___ ж. |
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2025 жылға арналған
азаматтық қорғау саласындағы насихаттау
ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шаралар |
Жауапты орындаушылар |
Өткізу мерзімі |
Аяқтау нысаны |
|
1 |
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі мен туындауы туралы БАҚ арқылы халықты жедел хабардар ету. |
Ақтөбе облысы ТЖД, мүдделі мемлекеттік органдар. |
тұрақты |
Ақпарат |
|
2 |
Білім беру оқу орындарында интерактивті сабақтар, ашық сабақтар, ашық есік күндерін, өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар, конкурстар, викториналар және спорттық іс-шаралар өткізу. |
Ақтөбе облысы ТЖД, Ақтөбе облысының білім басқармасы. |
тұрақты |
БАҚ-та мақалалар жариялау |
|
3 |
Өрт қауіпсіздік ережелері тақырыбында жиындар, тұрғын үй секторын аралау жұмыстары барысында төтенше жағдай кезіндегі |
Ақтөбе облысы ТЖД |
жылыту маусымы кезеңінде |
БАҚ-та мақалалар жариялау |
|
4 |
Мұздағы қауіпсіздік ережелері тақырыбында жиындар, облыс аумағындағы су айдындарын аралау жұмыстары барысында төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға үйрету, рейдтік іс-шаралар жадынамаларын, парақшаларын тарату. |
Ақтөбе облысы ТЖД, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.
|
желтоқсан- ақпан |
БАҚ-та мақалалар жариялау |
|
5 |
Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға бағытталған көрнекі үгіт-насихат материалдарын шығару және тарату. |
Ақтөбе облысы ТЖД, қала және аудан әкімдіктері. |
тоқсан сайын |
БАҚ-та мақалалар жариялау |
|
6 |
Телеарналарда, адамдар көп жиналатын объектілерде азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттайтын әлеуметтік бейнероликтер мен аудиороликтерді дайындау және трансляциялау. |
Ақтөбе облысы ТЖД, қала және аудан әкімдіктері. |
тоқсан сайын |
БАҚ-та мақалалар жариялау |
|
7 |
Облыс аумағындағы қауіпсіздік ережелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу тақырыптары: 1) «Крещение Господне» мерекесі кезіндегі қауіпсіздік ережелері; 2) Автокөліктердегі өрт қауіпсіздігінің алдын алу және сақтандыру жұмыстарын жүргізу; 3) Қарлы борандар және көктайғақ; 4) 1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні; 5) Өрт қауіпті кезеңде өрттердің алдын алу. Өрт қауіпсіздігі; 6) Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері; 7) Химиялық қауіпті заттар төгілген кездегі халықтың әрекеті; 8) Улы газбен уланудың алдын алу; 9) Көпқабатты ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі; 10) Азаматтық қорғаныс. Азаматтық қорғау және төтенше жағдай туралы барлығы білуі тиіс; 11) Ыстық ауа-райында сақтық шаралары; 12) Дала өрттері: жергілікті жерлердегі ерікті өрт құрылымының жабдықталуы және іс-қимылдары; 13) Эвакуация жарияланған кездегі халықтың іс-әрекеттері; 14) Адамдар көп жиналатын объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 15) Мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 16) Балалардың терезеден құлауының алдын алу. |
Ақтөбе облысы ТЖД, Ақтөбе облысы ПД, Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, қала және аудан әкімдіктері. |
маусым кезінде |
БАҚ-та мақалалар жариялау |
|
8 |
Халықты өзіне және өзара көмек көрсету тәсілдеріне оқыту (БАҚ-та сөз сөйлеу, баспа басылымдарына мақала орналастыру), Тақырыптары: 1) Күйік және үсік кезіндегі алғашқы көмек. Электр тоғымен зақымдану, жылу және күн соққысы кезінде, тұншықтырғыш газбен улану кезіндегі алғашқы көмек көрсету; 2) Жеке таңу пакетінің, бинттердің, дәке мен қолда бар материалдың көмегімен жарақатқа және дененің күйдірілген учаскелеріне таңғыш салу ережесі мен тәсілдері; 3) Қан кетуді тоқтату тәсілдері, табельдік және қол астындағы құралдарды қолдану; 4) Сыну, соғылу және шығып кету кезіндегі көмек. Табельдік, қол астындағы құралдарды қолдана отырып иммобилизацияны қамтамасыз ету тәсілдері мен түрлері (буындар мен т. б. қозғалмауына қол жеткізу); 5) Суға батқан адамға көмек. Жасанды тыныс алу және жүрекке тікелей емес массаж жасау тәсілдері. 6) Жеке қорғану құралдарын қолдану. |
Ақтөбе облысы ТЖД, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы. |
жыл бойы |
БАҚ-та мақалалар жариялау |